«Ғылым өкілдері де ел тағдырына бейжай қарамайды» - Нұрзада Сақтағанов

Мен Атырау облысы тумасымын. Дубна қаласындағы Біріккен Ядролық Зерттеу Институтының ғылыми қызметкері және аспиранты ретінде, бүгін референдумға өз үлесімді қосуға шешім қабылдадым.

6e4c7e0d e52d 43a5 9fdf 61ffd078ff02

Референдум – еліміздің саяси дамуындағы болашағын қалыптастыруда маңызды қадам.

Референдумға қатысу – бұл тек саяси құқығымызды жүзеге асыру ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілік сезімін сезіну. Өзіміздің біліміміз бен ғылыми тұрғыдан алған көзқарасымызбен болашақтағы маңызды шешімдерге әсер етуіміз қажет.

1f676265 2ffe 46e8 bc88 10983e0d8c2a

Бұл өзгерістер елдегі саяси жүйені жаңарту, демократияны тереңдету, және азаматтардың құқықтарын нығайту мақсатында жасалуда. Әрбір өзгеріс біздің қоғамды жетілдіруге және әділдікті нығайтуға бағытталған.

3ac6bb5d fd8b 4ef3 915c 137d862d71ef

Ғылым мен білім – елдің дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан бүгінгі референдум – біздің таңдауымызды жасау және болашаққа жауапкершілікпен қарау мүмкіндігі. Бұл процесте белсенді болу біздің азаматтық борышымыз деп білемін.

Біз, магистрлер, аспиранттар және докторанттар, референдумға қатысуды еліміз үшін маңызды қадам деп санаймыз. Бұл процесс біздің болашағымызды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Сондықтан біз еліміздің саяси және әлеуметтік дамуына өз ықпалымызды тигізуді міндет санаймыз.

Нұрзада САҚТАҒАНОВ,

Атырау облысы тумасы, аспирант,

Біріккен ядролық зерттеулер институтының және Ядролық физика институтының ғылыми қызметкері