Орталық референдум комиссиясымен қажетті санда дайындалған дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскелік референдум комиссияларына 4 қазанға дейін жеткізілетін болады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Республикалық референдумды байқау үшін облыста 7 ұйым аккредиттелген. Олардың тізімдері комиссияның интернет-ресурсында орналастырылған.
Атырау қаласындағы №5546 әскери бөлімде орналасқан №75 референдум учаскесінде дауыс беру сағат 06.00-де басталады.
Сонымен қатар, Атырау қаласындағы азаматтардың уақытша болу орындарында құрылған 9 емдеу мекемелері, 1 әскери бөлім, 1 тергеу изоляторында орналасқан барлығы 11 референдум учаскелерінде егер, тізімге енгізілген барлық азаматтар дауыс берсе, учаскелік комиссия кез келген уақытта дауыс беруді аяқтауы мүмкін учаскелердің тізбесін тиісті аумақтық комиссия бекітті.
Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, референдум учаскелерінде дауыс беру 6 қазанда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады.
Референдумға қатысты материалдар аумақтық референдум комиссияларының atyrau.gov.kz сайтында орналастырылуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com