Атырау қаласының “Балықшы” шағынауданында орналасқан №57 референдум учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлайтын шаралар ұйымдастырылуда. Учаскеге келген қала тұрғындары бір жағынан азаматтық борыштарын орындап, дауыс берсе, екінші жағынан жәрмеңкеде жергілікті кәсіпкерлер ұсынған түрлі азық-түлік өнімдері мен ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын тамашалап, керегін сатып алып жатыр.
Жәрмеңкеде көкөніс өнімдері мен шеберлердің қолынан шыққан кәдесыйлар мен сәндік бұйымдар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Мұндай игі бастама сайлау учаскесіне келген тұрғындардың көңілін көтеріп, қоғамдық шараға мерекелік сипат беріп отыр. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілердің өнімдерін насихаттауға да мүмкіндік жасалуда.
Мәлике МӘЛІК