Бүгін өтіп жатқан саяси науқан барысында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы Сайфолла Сапанов референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Белгілі ғалым референдум учаскесіне келіп, азаматтық міндетін орындап, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды шараға өз үлесін қосты. Оның айтуынша, мұндай маңызды саяси науқандарға қатысу – әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігін көрсетеді.
– Ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әр азамат бейжай қалмай, өз таңдауын жасауы қажет. Бұл – мемлекет дамуына деген жауапкершіліктің бір көрінісі. Бүгінгі додада мен де ел болашағы үшін өз таңдауымды жасадым, – деді Сайфолла Сапанов.
Айта кетейік, референдум барысында өңір тұрғындары белсенділік танытып, таңертеңнен бастап дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Саяси науқан кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА