Атырауда референдумға қатысушылардың белсенділігі жоғары (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Республикалық референдумға атыраулықтар жоғары белсенділікпен қатысып жатыр. 

Қала мен облыс аумағындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру процесі талапқа сай ұйымдастырылған.

Учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, тұрғындардың еркін әрі кедергісіз дауыс беруіне жағдай жасалған.

Байқаушылардың мәліметінше, учаскелердің жұмысы белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдайлар қарастырылған.

Еске сала кетелік, облыс бойынша референдумға қатысуға құқығы бар 416 619 азамат алдын ала тізімдерге енгізілді, оның ішінде 4 699-ы мүгедектігі бар азаматтар.

Дауыс беру орындарында мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жасалған.

Бүгін жалпы облыс бойынша қажеттілікке қарай 137 инватакси, 27 сурдоаудармашының жұмысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, тұрғындар үшін қоғамдық автобус тасымалы тегін ұйымдастырылуда.