Атырау облысында 15 наурызда өтетін Конституцияның жаңа жобасына байланысты республикалық референдумға облыс бойынша 276 учаскелік референдум комиссиясы дайындық жүргізуде.
Бұл жөнінде Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева айтып берді. Барлық комиссиялар өз жұмыстарын Орталық референдум комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүзеге асырады. 22 ақпаннан бастап учаскелік комиссиялар өз қызметіне кірісіп, 27 ақпаннан бастап референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарға деректерін тексеру мүмкіндігі берілді. Бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы дауыс беруге құқығы бар 416 мыңнан астам азамат тізімге енгізілген.