Атырау облысында өтіп жатқан референдумға тұрғындар белсенді түрде қатысуда. Таңертеңнен бастап дауыс беру учаскелеріне келушілер саны айтарлықтай көп.
Қала мен облыс аумағындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі ашық әрі кедергісіз ұйымдастырылған.

Учаскелер талапқа сай жабдықталып, азаматтардың өз таңдауын еркін білдіруіне барлық жағдай жасалған.

Байқаушылардың айтуынша, дауыс беру учаскелерінің жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін де арнайы жағдайлар қарастырылған.

Референдумға әртүрлі сала өкілдері белсенді қатысуда. Олардың қатарында әскери қызметкерлер, мұнай саласының мамандары, вахталық әдіспен жұмыс істейтін еңбеккерлер, сондай-ақ қала тұрғындары бар.

Бұдан бөлек, перзентханалардағы жас аналар да өз азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін дауыс беруде.

Бұл тұрғындардың ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Облыста басқа өңірлерден келген 3 571 адам бар. Олардыңішінде 3 235 вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер болса, 149 әскери қызметкер бар, студент саны 187.

Аймақта 276 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді.
