Атырау облыстық перинаталдық орталығында орналасқан жабық референдум учаскесінде алғаш болып дауыс берген аналарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Алғашқылардың бірі болып дауыс берген Тілепбергенова Әсемге естелік сыйлық ұсынылып, азаматтық белсенділігі үшін алғыс айтылды.
Перинаталдық орталықта ем алып жатқан және жаңа босанған аналар үшін арнайы ұйымдастырылған жабық учаске олардың өз құқықтарын пайдаланып, дауыс беруіне мүмкіндік берді. Аналар өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.