№41 гимназиядағы №268 сайлау учаскесінде бірінші болып Атырау қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы әрі кәсіпкер Арман Баженов дауыс берді.
«Бүгін мен өз таңдауымды жасап, азаматтық парызымды орындадым. Конституция — мемлекетіміздің негізгі заңы, елдің дамуының бағытын айқындайтын құжат. Маңызды мәселе бойынша әрбір азамат өз ұстанымын білдіруі керек. Әр адамның дауысы — еліміздің болашағына қосқан үлес. Барлық азаматтарды белсенді болуға және дауыс беруге шақырамын», — деді Баженов.