Ақкөл ауылдық округіндегі референдум учаскесінде тұрғындар белсенді түрде келіп, дауыс беріп жатыр. Таңертеңнен бастап ауыл халқы учаскеге көптеп келіп, референдумға қатысуда.
№181 референдум учаскесінде барлығы 1183 дауыс беруші тіркелген. Қазіргі уақытта тұрғындар өз азаматтық таңдауларын жасап, дауыс беру процесі қалыпты тәртіппен жалғасуда.