Сайлау-2023

Ауданның өркендуіне бар үлесімді қосамын

Ауданның өркендуіне бар үлесімді қосамын

Биыл Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісіне және жергілікті  мәслихаттарға депутаттар сайлауын тағайындау туралы Жарлығы шыққаннан кейін, мен Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына №12 бір мандаттық сайлау округі бойынша кандидат ретінде тіркелдім. Биылғы сайлаудың ерекшелігі аудандық, қалалық деңгейдегі мәслихат депутаттары бір мандаттықпен, ал облыстық мәслихат депутаттары 50 пайыз бір мандаттықпен, 50 пайызы партиялық тізіммен сайланды. Бұрын сайлаушылар жеке депутатты емес, партияны сайлаған болатын.

Үміткерлерге мол мүмкіндік берілді

Үміткерлерге мол мүмкіндік берілді

Биылғы сайлау әділ және ерекше жағдайда өтті деп ойлаймын. Өзім де Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер ретінде сайлауалды бағдарламамды ұсынуға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Мұнымен тоқтап қалмаймын, алдағы уақытта да ел иігілігіне еңбек ете беретін боламын.

"Науқаннан қалуға құқым жоқ"

Сайлау - халықтың мемлекеттік билікке араласуының бірден бір көрінісі. Ал, сайлауға бір кісідей қатысып, өз таңдауын жасау, мемлекеттік іске бей-жай қарамау – әр қазақстандықтың парызы, мейлі ол жас, кәрі, зейнеткер немесе мүгедек жан болса да...

Басым бағыттар баяндалды

Басым бағыттар баяндалды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұрайнаш Камалова «КазТрансОйл» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.

Алаш арысына тәу етті

Алаш арысына тәу етті

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Ақтау қаласындағы Алаш арысы Жалау Мыңбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Қоқыс полигонының қасіреті

Қоқыс полигонының қасіреті

«Байтақ» жасылдар партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұрлан Көптілеуов және партия өкілдері Ақмола облысына барды. Байтақтықтар ең әуелі Щучинск қаласымен қапталдас орналасқан заңсыз қоқыс полигонын көзбен көрді.

Кадр мәселесі қашанда өзекті

Кадр мәселесі қашанда өзекті

«Respublica» партиясының өкілдері Ақтау қаласындағы кәсіпорын ұжымдарымен кездесіп, жиналғандарға сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын түсіндіріп берді. Сондай-ақ партия өкілдері жұмыскерлердің сауалына жан-жақты жауап беруге тырысты.

Бейнеттің зейнетін көру бұйыра ма?

Бейнеттің зейнетін көру бұйыра ма?

Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Найля Аппасова мен мәслихат депутаттығына кандидат Азамат Әбдірахманов республикалық трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығының ұжымымен кездесті.

Еңбек адамына құрмет

Еңбек адамына құрмет

«Ауыл» партиясына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Николай Арсютин, Қайрат Айтуғанов, Жигули Дайрабаев, Аян Зейнуллин және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар Павлодар қаласында «Локомотив жөндеу зауыты» мен «Андас Agro» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

Шағын және орта бизнесті қолдау

Шағын және орта бизнесті қолдау

«Amanat» партиясы Шымкент қалалық сайлауалды штабының мүшелері Жанар Бектаева, Есімхан Бертаев және Нұрсұлтан Балабиев «Самал» автобекетіне барды.

Жетісудағы жылы жүздесу

Жетісудағы жылы жүздесу

«Amanat» партиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері Жетісу облысында болды. Мұнда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Жанарбек Әшімжанов, Ерлан Саиров, Мұрат Теміржанов, Алмас Ахметбекұлы және Максим Рожин «JLC сүт» зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

Шалғай ауылдарды аралады

Шалғай ауылдарды аралады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидат Ажар Сағандықова мен бірмандаттық аумақтық округ бойынша кандидат Азамат Хайсин «Үгіт-насихат пойызы» аясында Павлодар облысының аудандарына барды.