Мықты мемлекетте үш мамандықтың мәртебесі биік болуы керек

Әкімдер өздерінің қалаларында, елді мекендерінде жаяу жүруі тиіс. Бұл туралы Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өткен кеңесте Президенттің өзі айтты. Бұдан нені аңғаруға болады?

Осы орайда, Қасым-Жомарт Кемелұлы Шығыс Еуропа мен Балқандағы бюджеті біршама аз болғанына қарамастан тартымды көрінетін шаһарларды мысалға келтірді. Яғни, жергілікті билік пен бұқара бірлесіп жұмыс жасау қажет деген сөз.

«Қалалықтар өздерінің үйлеріне, көшелеріне және басқаларына қалай болса солай, бей-берекет қарайтындығы сынды проблемалармен бетпе-бет келіп отырамыз. Мұндай жайт елордада да орын алып отыр. Мен елорданың жоғары мәртебесіне қалалық орталығы ғана емес шеткі аймақтары да сай болуы тиістігін бірнеше рет айттым» деді Мемлекет басшысы.

Қалай болғанда да, қай мемлекет үшін де онда өмір сүріп жатқан адамдардан артық байлық жоқ. Түптеп келгенде, билік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың бәрі де сол адами капиталды дамытуға бағытталған. Мәселен, азаматтарымыз еңбекке ақбілетті боулы үшін жақсы білім алуы керек. Ал, бұл – педагогтардың қолында. Демек, ұстаздардың әлеуметтік жадайын жасап алу қажет.  Сонда ғана еліміздің болашағы жарқы болады. Басқа салаларға қатысты да осылай айтуға болады. Сондай-ақ, ос ыретте Израйльдің бірінші премьер-министрі Голда Меирдің мына бір сөз еске оралады. «Егер сіздер болашақ үшін алаңдамайтын мемлекет құрғыларыңыз келсе, үш мамандықтың жлақысын өсіріп, құрметін арттырыңдар. Бұл – мұғалімдер, дәрігерлер және әскерилер. Осы үш құндылықтың арқасында аталған мемлекет зор жетістіктерге жеткенін тарих пен уақыт көрсетіп отыр.  

Бірақ, «әлеуметтік-экономикалық даму» деген тіркестің ішінде мәдениет саласы да тыс қалмауы тиіс. Бұл шығыны көп, пайдасы жоқ мәдени-көпшілік мерекелік шараларды көптеп өткізе беру керек деген сөз емес. Яғни, азаматтардың санасында «мәдени революция» жасау арқылы, қоғамның жылдар бойы шешлімей келе жатқан мәселелерін шешуге болады.

Ендеше, сөзімді түйіндей келе, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған реформалар үрдісі жалғасын табады деп сенім білдіремін.

Нұрбақыт ДАЙРАБАЕВА, заң ғылымдарының магистрі

screenshot 5 4