Доктринаның негізгі мақсаты қандай?

Президент бекіткен ақпараттық доктринаның үшінші бөлімінде оның мақсат-міндеттері мен негізгі ережелері айқындалған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

3.1. Мақсаттары мен қағидаттары

Осы доктринаның мақсаты елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық егемендігін қамтамасыз ету, қазіргі заманғы үрдістер мен сын-қатерлерге жауап беретін, қоғамды топтастыруға және азаматтық бірдейлікті нығайтуға бағытталған ақпараттық саясатты құру болып табылады. Бұл ретте доктрина ақпараттық саланың барлық қатысушыларының мынадай негізгі өзара іс-қимыл қағидаттарын айқындайды: сөз бостандығы. Доктрина қазақстандықтардың бірлігі мен топтасуының негізгі факторы ретінде сөз бостандығы мен пікір алуандылығын қорғау қағидатын ұстанады; ақпаратқа қол жеткізу. Доктрина әрбір азаматтың мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында бекітілген ақпаратты заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату құқығынан туындайды; дамуға бағдар. Доктринаның негізгі міндеттерінің бірі бүкіл ақпараттық кеңістіктің үздіксіз дамуы мен сапалы өсуіне жағдай жасау, сондай-ақ отандық медиа өнімдерінің бәсекеге қабілетті болуы мен азаматтар арасында сұранысқа ие болуын арттыру болып табылады; сенім және құпиялылық. Ақпаратты трансляциялайтын медиалық процеске қатысушылар, оның ішінде БАҚ бұрмалау және манипуляция жасау элементтерінсіз объективті және анық ақпарат беруге мүдделі болуға тиіс. Барлық шаралар коммуникативтік процестің барлық қатысушылары арасында сенім деңгейін арттыруға бағытталуға тиіс. Бұл ретте доктрина әркімнің жеке өміріне қол сұғылмаушылық жеке және отбасылық құпия, өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау құқығын қолдайды; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ұлттық ақпараттық кеңістікті дамыту және бәсекеге қабілетті отандық медиасаланы қалыптастыру сыртқы сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл мен олардың салдарын төмендетудің шешуші факторы, сондай-ақ саланың орнықты дамуының базалық шарты болуға тиіс.

3..2. Ақпараттық кеңістікті дамыту пайымы

Ақпараттық кеңістікте медиалық процестің барлық қатысушылары мүдделерінің теңгерімі қамтамасыз етілген. Реттеу мен қолдаудың құқықтық және институционалдық тетіктері отандық медиасаланың серпінді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қоғамдық санадағы іргелі рухани-адамгершілік, дәстүрлі құндылықтар көзқарастары ақпараттық кеңістіктегі негізгі идеологиялық векторды айқындайды. Қоғамда деструктивті, манипуляциялық және анық емес контентке төзімді иммунитет қалыптастырылды, ақпараттық кеңістікті сыртқы қатерлерден қорғаудың тиімді жүйесі құрылды. Азаматтар медиалық және ақпараттық сауаттылықтың жоғары деңгейіне ие. Тәуелсіз беделді отандық БАҚ әлемдік медиа-нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін сапалы контент шығаруда. Мемлекеттік ақпараттық саясат серпінді дамуға алғышарттар мен жағдайлар жасай отырып, ақпараттық кеңістікті дамытудың өзекті үрдістеріне сәйкес келеді.