21 «наурыз», 2023 3

Ақпараттық саясатты қалыптастыру философиясын көрсетеді


Бұл туралы Президент бекіткен доктринаның оңғы бөлімінде айтылған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

4-бөлім. Қорытынды

"Осы доктрина қазіргі заманғы мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру философиясы мен рухын көрсететін тұжырымдамалық құжат болып табылады. Доктринаны іске асыру құжатта баяндалған көптеген проблемаларды шешуге, ықтимал тәуекелдердің алдын алуға және осы жоғары серпінді салада жүйелік саясатты жолға қоюға мүмкіндік береді. Доктринада мәлімделген ақпараттық саладағы қоғамдық қатынастардың барлық субъектілерінің негізгі өзара іс-қимыл қағидаттарының сақталуы елдің медиасаласын жаңа сапалық, бәсекеге қабілетті даму деңгейіне шығарады.

Доктринаны іске асырудың қорытындысы әлемдік медиа нарығының органикалық және тең дәрежелі бөлігі ретінде отандық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру болуға тиіс. Азаматтық қоғам институттарын, БАҚ пен Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің басқа да субъектілерін белсенді түрде тарту доктринаның мақсаттарына қол жеткізу мен міндеттерін іске асыруға ықпал ететін болады. Қоғамдық институттардың саналы және жауапты қолдауы болмаса, толыққанды ақпараттық егемендікті қамтамасыз ету мүмкін емес.

Қоғамды топтастыруға және азаматтық бірдейлікті нығайтуға ықпал ете отырып, ұзақ мерзімді перспективада ақпараттық саясаттың векторы мен мазмұнын айқындайтын негізгі алынатын құндылықтар осы доктринаның маңызды құрамдас бөліктері болып табылады. Доктрина жалған ақпаратқа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік тетігін жетілдіруге, ақпараттық процестің барлық қатысушылары арасында тиімді коммуникациялар жүйесін құруға мүмкіндік береді, Әділетті Қазақстанды құру бағыты аясында ақпараттық саланың міндеттерін шешуге ықпал ететін болады" делінген құжатта.