Атыраулық студент ауа тазартқыш құрылғы ойлап тапты

Бұл құрал білім ордаларының зертханаларындағы сорғы шкафтарда қолданылады. Яғни, химиялық зерттеу барысында улы газдар сыртқа тікелей шығатын болса, механизм улы газдың 60%-ын өзіне ұстап қалады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

С.Мұқашев атындағы Атырау жоғарғы политехникалық колледжінің 3-курс студенті Нұрдәулет Кенжебай сыртқы көрінісі әзірге жасанды интеллект арқылы бейнелеген құрылғыны жасауға жұмыстанып жүр. Ал ішкі фильтіріне белсендірілген көмір пайдаланылады.

- Зерттеу барысында активтелген көмірдің улы газдарды өзіне жақсы сіңіретінін анықтадым. Көмірді текстиль матаға салып өңдедік. Бұл идеяны зерттеуге 2-3 апта, ал ішкі фильтірін дайындауға үш ай уақыт кетті. Мамандығым мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы. Болашақта да осы саланы дамытып, жұмысымды жалғастырғым келеді, - деді Н. Кенжебай.