Атырауда ұшқышсыз ұшу аппараты дайындалып жатыр (ВИДЕО)

Жобаның авторлары – Әмір Мейрамғалиев пен Нұрсұлтан Тұрсынов, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сұқбатта жобаның қалай басталғанын, қандай кезеңдерден өткенін және бүгінгі деңгейге қалай жеткенін баяндайды. Әмір Мейрамғалиев – Ақтөбе облысының тумасы, Самара қаласындағы академик С.П. Королёв атындағы аэроғарыш университетінде білім алған. Ал Нұрсұлтан Тұрсынов – Атырау облысы, Индер ауданы Есбол ауылының тумасы. Ол Рига аэронавигациялық институтын тәмамдаған.

Жас өнертапқыштар бұл жобаны ешкімнің көмегінсіз, өздерінің негізгі жұмыстарымен қатар дамытып келеді. Видеода дронның мүмкіндіктері мен алдағы жоспарлар туралы да сөз болады.

Толық сұқбатты Атырау ӨКҚ YouTube арнасынан көре аласыздар...

Фото: ru.freepik.com