Атырауда дүкендер арақ сатудан бас тартуда

Мақат кентіндегі дүкендердің көпшілігі арақ-шарап сатудан бас тартып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Азық-түлік дүкендері иелерінің мұндай тамаша шешімге келуіне мешіт тарапынан атқарылып жатқан насихаттық жұмыстар оң әсерін берді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жұмыстар еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде Мақат кентінде де үздіксіз жүргізіліп отырады» дейді ауданның бас имамы Біләл Сағындықов.

Олардың қатарында "Рамазан", "Зоя", "Абдулла", "Қаламқас", "Ниет", "Айсұлтан", "Болашақ", "Гүлназ", "Фатима", "Әдемі-Нұр", "Алтайр", "Абзал", "Адай", "Ақниет", "Байсары", "Азиза" және басқа да дүкендер бар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Мақат ауылында 17 дүкен арақ-шарап сатудан мүлде бас тартты