Шекарада ұсталған атыраулықтан аңшылыққа арналған патрондар табылды

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сотта анықталғандай, 2024 жылы Батыс Қазақстан облысы шекаралық бақылау бөлімінде азамат Б.-ның басқаруындағы «Toyota land CRUISER 150» көлік құралын тексеру барысында автокөліктен 16 калибрлік аңшылыққа арналған екі дана патрон табылған.

Б.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі сот отырысында зерттелген іс құжаттарымен және полиция қыметкерінің баянатымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен дәлелденді. Сот қаулысымен Б.-ға 73 840 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com