Отбасында ойран салған атыраулық ұсталды

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында отбасында тыныштық бұзған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында 20-30 қараша аралығында Атырау облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Іс-шара барысында 1993 жылы туған ер адам үйде занды некедегі жолдасын балағаттап, үй тыныштығын бұзғаны үшін ұсталды. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 73-2-бабы, 1-1-бөлігі «Құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жинақтаған іс-құжаттарды заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолдаған. Алайда, екі жақ тараптың татуласуымен әкімшілік іс тоқтатылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ