Нұрсаяда полицейлерден қашқан жүргізуші ойына келгенін жасаған (+ВИДЕО)

Полицейлер жол ережесін бұзған мопед жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

19 сәуір мен 19 мамыр аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында 8 мамыр күні Нұрсая мөлтек ауданында мопед көлігін басқарған 19 жастағы жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, өрескел құқық бұзушылық жасаған. Ол жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, мемлекеттік тіркеу нөмірі мен жүргізуші куәлігі жоқ күйде көлік басқарған, сондай-ақ басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзған. Аталған азаматқа қатысты жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жолданып, сот қаулысымен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Мопед арнайы айып тұрағына қойылды.

"Осы орайда, барлық мопед жүргізушілеріне полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату кезіндегі заңды талабын мүлтіксіз орындап, қала тұрғындарының тыныштығын бұзбай, өзге жол қозғалысына қатысушыларға кедергі келтірмей, жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз" дейді жол сақшылары.

Аман ШАМАР