Құрманғазылық полицейлер "Kaspi Red" қосымшасынан қолма қол ақша аударып беремін алдап алаяқты ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жұмекен ауылының 29 жастағы тұрғыны, "Telegram" әлеуметтік желісі арқылы белгісіз адам "Kaspi Red" қосымшасынан 80 мың теңге ақшасын алып беремін деп (обналичка) алдап кеткені жөнінде Құрманғазы Аудандық полиция бөліміне арызданған болатын. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы 3-бөлігімен (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалған.
Аудандық полиция бөлімінің тергеу және криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен жүргізілген тиісті жедел іс шаралар жүргізу кезінде аталған қылмысқа қатысы бар Ақтау қаласының 18 жастағы тұрғыны ұсталды.
Тиісті тергеу кезінде ол тұрғындарды "Telegram" әлеуметтік желісі арқылы "Kaspi Red" қосымшасынан төмен пайызбен қолма қол ақша шығарып беремін деп алдаған. Күдікті азамат бұл қылмыстан бөлек 7 адамды адамды алдап кеткені анықталып, кінәсін толығымен мойындады. Қазір тергеу әрекеттері аяқталып, эпизодтық іс аудандық сотқа жолданды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ