Қызылқоға сотында әзірбайжандық азаматтың ісі қаралды

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-ніңнің 517-бабының 4-бөлігімен Әзірбайжан Республикасының азаматы С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сотта анықталғандай, Әзірбайжан Республикасының азаматы С. Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп, Ақтөбе қаласына қоныстанып, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.

Сот отырысында С. Қазақстан Республикасына жұмыс жасау мақсатында келіп, түрлі себептерге байланысты уақтылы тіркеуге отырмай, уақытын асырып алғанын және елден шығуға қаражаты болмағанын айтып, жасаған әрекетіне өкініп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінің санкциясында 25 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберу түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделген.

С.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі мойындау түсініктемесімен, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің анықтамасымен және көші-қон карточкасындағы мәліметтермен, басқа да іс құжаттарымен расталады. Сот қаулысымен С. ӘҚБтК-тің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 98 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ