2 ақпанда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық орта өкілі ұсталды, деп хабарлайды AtyrauPress.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған азамат аса ірі көлемде қорқытып алушылық жасады деген күдікке ілінген. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған іс аясында бұған дейін, яғни қаңтар айында Шымкент қаласында күдіктінің екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеттері тоқтатылған болатын.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
ҰҚК өкілдері құқық қорғау органдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстық әрекеттердің алдын алу бағытындағы жұмыстары жалғасатынын атап өтті.