«Есірткісіз – жарқын болашақ»: Атырауда жасөспірімдер арасында сурет байқауы өтті

Жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау – бүгінгі қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі.

Осы бағытта құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдар профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып келеді.

Осы мақсатта Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп-гимназиясында «Есірткісіз – жарқын болашақ» тақырыбында сурет байқауын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында есірткіге қарсы теріс көзқарасты қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілетін дамыту және өз ойларын өнер арқылы жеткізуге мүмкіндік беру.

Байқауға 8–9–10 сыныптардан 30-ға жуық оқушы қатысып, тақырып аясында салынған суреттерін ұсынды. Жұмыстар мазмұны, идеяның өзектілігі мен көркемдік деңгейі бойынша әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған 9 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алуға және дұрыс өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.