Атыраулық полицейлер жүргізушілерге ескерту жасады

Ауа райының қолайсыздығы мен қардың түсуі қала ішіндегі көлік жолдарында жүргізуді әлдеқайда қауіпті етеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Осы ретте, республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында және қолайсыз ауа-райы кезінде жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған ескерту жұмыстарын жүргізуде.

- Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Ауа-райының нашарлауы, ең алдымен, жалпы жол жағдайына әсер етеді. Осыған байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қыс мезгіліне арналған көлік дөңгелектерін ауыстырып, ең бастысы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет. Егер жазғы маусымдық дөңгелектерді қысқы маусымда пайдалансаңыз, көлік жүргізушісіне әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын қаперлеріңізге береміз, - деді Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Жантілеу Асқарұлы.