Атыраудың бас полицейі еріктілерді марапаттады

Еріктілер - полиция үшін ерекше маңызды адамдар, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Олар есірткі қылмысының алдын алуға, жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор көмегін көрсетіп, полициямен бірлескен іздестіру және рейдтік шараларға да бейжай қарамай қол ұштарын беруде. Мереке қарсаңында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев тәртіп сақшыларына белсенді көмек көрсетіп, өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қомақты үлес қосып жүрген еріктілерді құттықтап, қайырымды, әрі қоғамға пайдалы істері үшін алғысын жеткізді.

 - Еріктілік – ашықтық пен жылулық көрінісі. Сіздердің биік азаматтық ұстанымдарыңыз біз үшін, қоғам өмірі үшін аса маңызды. Осы ретте, орасан зор пайдалы жұмыстарыңыз үшін, әріптестіктеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздерге толағай табыс, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! - деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев.