Оқиға 19 мамыр күні қала орталығындағы мейрамханалардың бірінде орын алған. Мәселенің анық-қанығын білу үшін біз облыстық полиция департаментімен байланысқан едік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Аталған құқық бұзушылыққа жол берген барлық күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды" делінген департаменттің баспасөз қызметі берген жауабында.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ