Атырауда жезөкше трансексуал анықталды (+ВИДЕО)

Атырауда жезөкшелікпен айналысқандар арасында трансексуал мен ер адам анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан саунада өзге облыстардан келіп жезөкшелікпен айналысқан азаматшаларды анықтап ұстады. Еліміздің өзге облыстарынан атап айтқанда Шымкент, Алматы, Жамбыл өңірінің 8 азаматшасы анықталды. Сондай-ақ, притон ұйымдастырған 1986 жжылы туған Өзбекстан Республикасының азаматшасына қатысты ҚР ҚК 309-бабымен, яғни жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында интимдік қызмет көрсеткен Тәжікстан Республикасының 1997ж.т., трансексуал азаматы мен интернет желісі арқылы интимдік қызмет көрсету үшін тапсырыс қабылдаған ер адам белгілі болды. Шетелдікке қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар Көші-қон басқармасына тапсырылды. Барлық анықталған тұлғалар жезөкшелікпен айналысқандар есебіне тіркелді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: stan.kz