Атырау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында білім беру саласы қызметкерлеріне арналған құқықтық түсіндіру жиыны өтті. Іс-шарада заң үстемдігін нығайту, құқықтық тәртіпті сақтау және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқыланды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Отырыста білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлердің соттылығы мен құқықтық мәртебесін мұқият тексеру қажеттігі атап өтілді.
- Жыл басынан бері жасөспірім арасында құқықбұзушылық пен буллинг деректерінің өсуі байқалады. Алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар мектеп оқушыларымен де өткізіліп, құқықтық мәдениетті арттыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарымен қатар ата-ананың, білім беру ұйымдарының және қоршаған ортаның рөлі ерекше, - деді ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің АОД прокуроры Ризуан Қартқожақов.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, білім беру мекемелері мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.