Атырау облысы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» жобасы аясында жастарға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Шараға Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Айбол Ідірісов қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы түсіндірілді. Мамандар есірткі қылмыстарының салдары мен оның адам өмірі мен болашағына тигізетін зияны жөнінде айтып, жастарды заңға бағынуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Шараның мақсаты — қоғамда есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.