Заң мен тәртіп: Атырауда полицейлер күшейтілген режимде қызмет етеді

Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Биғамбаевтың қатысуымен Сұлтан Бейбарыс алаңында жеке құрамның, мамандандырылған күзет басқармасының және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің гарнизондық сап түзеуі өткізілді, сообщает корреспондент AtyrauPress.

Осы ретте, тәртіп сақшылары демалыс күндері аясында қоғамдық тәртіпті күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күшейтілген режимде қызмет етеді.

- Республикалық жедел профилактикалық іс-шаралары аясында жеке құрам тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде, жалпы, тұтастай аудан аумағында құқық бұзушылықты болдырмау және жолын кесу мақсатында тиісті жұмыстарды атқарады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түнгі рейдтер, жаяу патрульдеу және профилактикалық жұмыстар арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті бақылауда. Біз үшін әрбір азаматтың тыныштығы мен қауіпсіздігі маңызды, – деді Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев.

Айта кетейік, Атырауда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін болдырмау мақсатында «Қауіпті жүргізуші» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.