Өңірімізде жыл басынан бері 200-ден астам киберқылмыс тіркелді. Олардың басым бөлігі интернеттегі алаяқтықпен байланысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Алаяқтар көбіне WhatsApp, Instagram, Telegram, Facebook желілерін және шетелдік нөмірлер мен фейк аккаунттарды пайдаланады. Жыл басынан бері он күдікті ұсталып, 30 іс сотқа жолданды. Қалған деректер бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
- Облыстағы киберқылмыстардың басым бөлігі интернет-дүкендер арқылы жалған тауар сату, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып алдау және фишингтік сілтемелермен деректерді ұрлау тәсілдерімен жасалуда. “Кибербақылау” платформасы арқылы 2500-ден астам фишингтік сайт бұғатталды. Байланыс операторларымен бірлесіп жалған нөмірлер анықталып, тұрғындарға SMS-ескертулер жіберілуде. Азаматтарды киберқауіпсіздік талаптарын сақтауға және күмәнді жағдай болса 102-ге хабарласуға шақырамыз,-деді Облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Даурен Мұханбеталиев.
Фото: pixabay