Атырауда есірткіге қатысты граффити жазулары жойылды

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Пробация есебінде тіркелген есірткі қылмыстары бойынша сотталған тұлғалар және “Жастар рухы қоғамдық бірлестігімен бірлесіп қала аумағында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды насихаттайтын, сайттарға сілтемелері бар заңсыз жазуларды бояу бойынша кезекті рейдтік жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның басты мақсаты – есірткі заттарының таралуына жол бермеу, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу. Мұндай заңсыз жарнамалар, әсіресе жасөспірімдер мен жастарға теріс ықпал етуі мүмкін, сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын есірткі заттарына қатысты кез келген күмәнді ақпаратты жасыруға болмайтынын ескертеді. Егер қала аумағында осындай мазмұндағы жазуларды көрсеңіздер, дереу “102” нөмірі арқылы полицияға немесе мына сенім телефондарына хабарласуға болады:

* 98-21-55 – Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы;

* +7 700 499 0102 – Анонимді сенім телефоны.