Яна Легкодимованы өлтіргендер өмір бойына сотталды

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша үкімді жариялады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сот шешімі бойынша айыпталушылар Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина жүргізді.

Үкім бірнеше ай бойы зерттелген іс материалдарын, атап айтқанда, күдіктілердің хаттарын, марқұм Янаның жүргізген күнделігін, сараптама қорытындыларын және куәгерлердің айғақтарын негізге алды. Сот отырыстарында қылмысқа қатысты тың деректер, мәйітті жасыру жолдары мен айыпталушылардың жауапкершіліктен қашуға тырысу әрекеттері жарияланды.

Прокурорлар қылмыстың ерекше қатыгездікпен және алдын ала жоспарлау арқылы жасалғанын атап өтіп, екі айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті.

Аман ШАМАР