600-дей доза синтетикалық есірткімен ұсталды

Атыраулық полицейлер 600-ге жуық доза синтектикалық есірткіні сатпақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысы аумағында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мефедрон синтетикалық есірткі затын аса ірі көлемде сатумен айналысқан 1999 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Одан тәркіленген есірткі 175,74 грамм 600-ге жуық доза болатын мефедрон екендігі анықталды. Күдікті Батыс Қазақстан облысының тұрғынының айтуынша одан тәркіленген есірткінің құны - 4 млн теңгеге жуықтайды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталып, қамауға алынды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ