"Жол сапасы ұлттық орталығында" – жаңа басшы

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бүгін ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК ұжымына  жаңа басшы, 20 жылдан астам жол саласында қызмет еткен Болатбек Қабланбекұлы Айтбаевты танысырды.

Болатбек Қабланбекұлы 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын "Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «ҚазЖолҒЗИ» ААҚ Астана қаласындағы филиалында инженер болып бастады.
Ұзақ уақыт бойы «Қазавтожол» жүйесінде басшылық қызметтер атқарды. Соңғы 2 жылға жуық уақыт "ҚазАвтоЖол" ҰҚ Атырау облыстық филиалын басқарды.

Ұлттық сапа орталығының негізгі мақсаты - еліміздегі автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстарды тексеру, жол құрылысына пайдаланылатын материалдардың сапасын сараптау, жолдарды орташа жөндеуге ведомстволық сараптама жүргізу, диагностикалау және аспаптық тексеруден өткізу. Халықаралық және республикалық маңызға ие жолдардағы жол-көлік инфрақұрылымы қауіпсіздігіне мониторинг жасау.