Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

10 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, - деп хабарлайды Ақорда.

10 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.

"Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады", - делінген хабарламада.