Рамазанда тамақ арзан бола ма?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті Рамазан айының құрметі үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10%-ға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеді. 

«Сондай-ақ барша қауымды қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішпеуге және дүкендерде сатпауға, мүмкіндігінше құдайы астарды кешкі ауызашар уақытында өткізуге шақырамын», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.