Президент медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады: марапатталғандардың қатарында — Атыраудан еңбек ардагері бар

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, елдің денсаулық сақтау саласының үздік өкілдері жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Денсаулық сақтау қызметкерлері «Барыс», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендерімен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында — ел алдындағы айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағына ие болған еңбек ардагері Жексенбай Қалменұлы Нсанов бар.

Жексенбай Қалменұлы Нсанов ұзақ жылдар бойы Атырау облысының денсаулық сақтау жүйесінде адал еңбек етіп келеді.

Бұл марапат – ұлт саулығын сақтау жолында медицина қызметкерлерінің қосқан елеулі үлесінің, жоғары кәсіби біліктілігінің және жанкешті қызметінің жарқын дәлелі.

Мадина Сериккызы

Фото Акорда