Оқушылар мен студенттер Наурыз мейрамына музыкалық тосын сый дайындады

Алматыдағы Петр Чайковский атындағы музыкалық колледжінің студенттері мен Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектебіне оқушылары Наурыз мейрамына музыкалық тосын сый дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олар әнші Ерболат Құдайбергеннің "Мен қазақпын" әнін домбыраға салып орындап шықты.

Видеоны OYU жобасы әлеуметтік желілердегі парақшасында бөлісті.

OYU- түрлі жанрдағы әртістердің live-қойылымдарын жинаған музыкалық жоба.