Министрлік бонус туралы хабарламаға түсініктеме берді

Қазнетте КСРО дәуіріндегі құжат бейнеленген хабарлама тарады. Мұндай құжаттары бар азаматтар көп бонус ала алады екен, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Барлық әлеуметтік төлемдер ҚР Әлеуметтік кодексімен реттелген. Мұндай төлем түрі жоқ! Азаматтарды тек сенімді дереккөзден тараған ақпаратқа ғана сенуге және алаяқтардың арандатуына берілмеуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланады», – деп ескертеді ведомство өкілдері.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Atpress.kz