Мерзімді қызметтегі сарбаз комаға түсіп кетті...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәле Facebook желісінде жазба жариялады.
"Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды" деп жазды Б.Уәли.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com