Мәжілісте жаңа депутат ант берді

AMANAT партиясының саяси кеңес бюросы Мәжілістегі партиялық тізім бойынша бос мандатты Президент жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге беру туралы қаулы қабылдаған еді.

    - Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деді Әбутәліп Мүтәлі.

Партия таратқан мәліметке сүйенсек, AMANAT фракциясының жаңа депутаты «Болашақ» бағдарламасының түлегі, бұған дейін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп келген.

Сондай-ақ, Әбутәліп Мүтәлі Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайланды.

Фото: AMANAT партиясы