Мәжіліс елдегі ең маңызды заң жобаларын бірдей қолға алды – не өзгермек?

Мәжіліс комитеттері бірнеше жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Парламенттің ресми Telegram-арнасында жарияланған.

Жаңа заң жобаларының ішінде:

Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру;

Машина жасауды дамыту;

Жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау;

ҚР мемлекеттік қызметі және оған қосымша түзетулер;

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа байланысты өзгерістер;

Инвестициялық қорлар мен оған ілеспе түзетулер;

Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасындағы қосарланған салықты болдырмау мәселелері.


Мәжіліс бұл заң жобаларын қарау арқылы экономика, қауіпсіздік және мемлекеттік басқару салаларында маңызды өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, кейбір заң жобалары халықаралық келісімдерге де қатысты, яғни олардың нәтижесі тек Қазақстанда ғана емес, шетелдік ынтымақтастыққа да әсер етеді.