Қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша 1,5 млн дозасы сатып алынған

Оның 500 мың дозасы елге әкелінді, желтоқсан айында 1 млн доза жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті. 

"Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаумен 94 мың бала қамтылды, 18 жасқа дейінгі бұрын вакцинация алмаған 63,2 мың қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша 1,5 млн. дозасы сатып алынғанын, оның 500 мың дозасы түскенін, желтоқсан айында 1 млн доза жеткізілетінін хабарлады. бала соңғы вакцинациялаумен қамтылды, бұл тиісті контингенттің 50%-ын құрайды, инфекция ошақтарында шұғыл вакцинаны 15,4 мыңнан астам адам алды", – деді министр. 

Ол елімізде жоспарлы иммундаумен 600 мыңнан астам бала қамтылғанын, бұл ДДҰ ұсынымына сәйкес келетін 1 және 6 жастағы балалардың 84,0%-ын құрайтынын атап өтті. Жыл соңына дейін осы жас топтарының 100 мыңнан астам баласы вакцинациялауға жатады.

2023 жылы қосымша иммундау туралы қабылданған шешімдерді ескере отырып, барлығы 770 мыңнан астам бала егілді.

Министр 2005, 2015 және 2019 жылдардағы қызылшаның алдын-ала өршуі кезінде қосымша иммундаудың маңыздылығы мен тиімділігін атап өтті, бұл жоғары қамтуды ескере отырып, жыл соңына дейін ауруды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Вакциналармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша министр қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша 1,5 млн

дозасы сатып алынғанын, оның 500 мың дозасы түскенін, желтоқсан айында 1 млн доза жеткізілетінін хабарлады. 

"Осыған байланысты, халықтың белсенділігі мен вакцинацияның пайдасына таңдау біздің балаларымыздың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Вакцинациялаудан бас тарту көбінесе мүгедектікке және өлімге әкелетін көкжөтел, дифтерия, полиомиелит, В гепатиті сияқты ұмытылған вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өршуіне әкелуі мүмкін", – деді министр. 

 

Фото:freepik.com