Құрбан айт: Президент Құран оқытып, құрбандық шалды

16 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтаған болатын.

Сурет: Ақорда