Құрбан айт: Ел өңірлерінде қой бағасы қанша

Қазақстан қалалары мен аймақтарында құрбандыққа арналған мал бағасы қанша және құрбандық малын сатып алу кезінде не нәрсеге назар аударған жөн. Мұны Zakon.kz сайтындағы мақаладан оқып-біле аласыздар.

Бүгінгі таңда малды базардан ғана емес, Интернет арқылы да таңдауға болады. Құрбан айтта шалынатын қойды хабарландыру сайттары арқылы сатып алуға болады немесе мамандандырылған сайттар арқылы оған тапсырыс та беруге болады. Бір қойдың бағасындағы айырма тым алшақ: 35 мыңнан басталып 150 мыңға дейін барады. Жеке саудагерлер семіз қойға 120 мың теңге сұрайды.

Алматы мен Алматы облысында орташа баға – 60 мың теңге, елордада мал басына 40-50 мың теңге аралығында сұрайды. Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысында да осындай баға. Павлодар қаласы мен Павлодар облысында - 40 мыңнан 60 мың теңге аралығын қамтиды. ШҚО, Қарағанды облысы, Шымкенттегі баға - 35-тен 45 мың теңгеге дейін. Түркістан облысында, Таразда да осындай баға. Алайда мұнда аракідік қымбат баға да кездеседі: 65-70 мың теңге. Батыс Қазақстан облысында қой бағасы қымбат, мысалы Ақтауда құрбандық малының бағасы 60 мың теңгеден басталады. Айта кету керек, барлық дерлік қала мен облыстарда тірі қойды арзанырақ сатып ала аласыз, хабарландыру сайттарында көрсетілген ең төменгі баға – 35 мың теңге. Жалпы, баға малдың тұқымына, жағдайына және жасына байланысты болып келеді.

Сурет: freepik