Күнтізбеде тағы сегіз кәсіби мейрам күні пайда болмақ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілгі сегіз кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы министр бұйрығының жобасын әзірледі. Бұл туралы ЕХӘҚМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32924 болып тіркелген),яғни бекітілген кәсіби мерекелер тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Қаржы мониторингі жөніндегі органдар күні – 28 қаңтар
Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі
Теміржол көлігі қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі
Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика саласындағы қызметкерлер күні – қыркүйектің екінші жексенбісі
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан
Автомобиль көлігі қызметкерлері күні– қазан айының соңғы жексенбісі
Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметкерлер күні– 10 қараша
Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні– 13 желтоқсан
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Фото pexels