ҰҚК әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады

Шымкентте 28 ақпан күні ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
 

Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған.

"Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде."ҰҚК баспасөз қызметі

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі