Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі өзгерді

Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі өзгерді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, көлік жүргізушілері 3 қазаннан бастап жол ақысын жаңа тарифпен төлейді.
Баға айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі.

Жалпы алғанда 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттады.

"Астана – Щучинск", "Астана – Теміртау", "Тараз – Қайнар" және "Қонаев – Талдықорған" тас жолдарында жеңіл көліктер үшін 200-300 тг аралығында болмақ.

"Алматы – Қорғас" бағытындағы жолға 359,

"Астана – Павлодар" бағытына 456 және "Шымкент – Қызылорда" тас жолына 527 теңге деп бекітілді.

Ал "Щучинск – Көкшетау", "Алматы – Қонаев", "Шымкент – Тараз" және Шымкенттен Өзбекстан шекарасына қатынайтын жол ақысы арзандау, 72 теңгеден 120 теңгеге дейін.

 

Фото:  pixabay